Рудныйда қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды

0
997

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.


Рудныйда қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Рудный қаласында көшедегі күл-қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 12:00-де Корчагин көшесіндегі қоқыс контейнерінде полиэтилен пакетке салынған сәбидің мәйіті табылды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полицейлер осы қылмысты жасаған адамды іздестіруге кірісті.
Осы орайда полиция депаратменті қылмысты көрген адамдар болса, 102 немесе 52-60-22, 52-59-25 нөмірлеріне хабар беруді сұрайды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.