Рудныйда 75 жастағы әйел төсекжапқышпен 4-ші қабаттың терезесінен түспек болған (видео)

0
793

Ол жерге түсу үшін төсек жапқыштарын бір-біріне байлаған.


Рудныйда 75 жастағы әйел төсекжапқышпен 4-ші қабаттың терезесінен түспек болған (видео)

ERNUR.KZ. Рудныйда учаскелік полиция қызметкері өміріне қауіпті әрекет жасамақ болған 75 жастағы зейнеткерді тоқтатты, – деп жазады Polisia.kz.

Рудный қалалық полиция басқармасының “102” пультіне Қашар кентінде 4-қабаттағы балконнан егде жастағы әйел жерге түсуге тырысып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол үшін төсек жапқыштарын бір-біріне байлаған. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы Тілектес Аубакиров төртінші қабатқа көтеріліп, пәтер есігі жабық болғандықтан зейнеткердің жоғарғы қабаттағы көршісінің балконынан әйелмен сөйлескен.


Ол үйде жалғыз қалғанын, ұлы жұмысқа кетіп, есікті сыртынан кілттеп кеткенін айтты. Әйел есікті аша алмаған соң өз бетінше шығуға тырысқан. Содан кейін балконға шығып, төсек жапқыштарымен түскісі келген.

Көп ұзамай шұғыл жұмыстарымен кетуге мәжбүр болған ұлына да болған оқиға туралы хабарланды. Ол бірден үйге келді. Анасын мазаламау үшін есікті сыртынан жауып кеткенін айтты. Ер адам учаскелік полиция қызметкеріне уақытында көмек көрсеткені және ықтимал қайғылы жағдайдың салдарын болдырмағаны үшін алғыс білдірді.