Росатом Қазақстанға екі атом электр станциясын салуды ұсынды

0
497

Росатом Қазақстанға әлемдегі ең қауіпсіз деп саналатын екі атом электр станциясын салуды ұсынады.


Росатом Қазақстанға екі атом электр станциясын салуды ұсынды

ERNUR.KZ. "Росатом Орталық Азия" ЖШС бас директоры Сергей Громов Қазақстанда екі атом электр станциясын салуды ұсынды, деп жазады stan.kz.

Бас директордың айтуынша, осындай әлеуеті бар атом электр станциясы Қазақстандағы жетіспейтін электр энергиясына деген қажеттіліктің 20 пайызын өтей алады.

"Росатом Қазақстанға әлемдегі ең қауіпсіз деп саналатын екі атом электр станциясын салуды ұсынады. Бұл туралы "Росатомның еншілес кәсіпорны" "Росатом Орталық Азия" ЖШС бас директоры Сергей Громов "Атом энергетикасы – энергетикалық тәуелсіздік пен технологиялық дамудың негізі" атты дөңгелек үстел барысында айтты", – делінген хабарламада.

Громовтың айтуынша, заманауи үшінші буынға (3+) жататын қондырғылардың жалпы қуаты 2,4 мың МВт құрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты өз позициясын білдіріп, АЭС-тің салынуына оң көзқараста екенін және АЭС-ті Росатом салуына қарсы еместігін жеткізген еді.