Рахат Тұрлыхановтың ісі қайта қаралады

0
483

Сот кеңсесі мәліметінше, 10 қаңтарда сотқа апелляциялық шағым түскен.


Рахат Тұрлыхановтың ісі қайта қаралады

ERNUR.KZ. Алматы сотында Рахат Тұрлыхановтың ісі қайта қаралады, деп жазады tengrinews.kz.

Сот кеңсесі мәліметінше, 10 қаңтарда сотқа апелляциялық шағым түскен.

Скриншот/office.sud.kz


Алматы прокуратурасы ақпаратты растаған.

"Алматы Әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешіміне Түрксіб ауданының прокуроры қарсылық білдірді", - деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Рахат Тұрлыхановтың бес тәулікке қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Соттың баспасөз қызметі мәліметінше, материал әлі қаралған жоқ.

"Қарағаннан кейін хабарлаймыз", - деп қысқаша жауап берді соттың баспасөз қызметі.