Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездеседі

0
196

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахид 11-12 тамыз аралығында Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.


Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездеседі

ERNUR.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездеседі, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кетейік, осыған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахид 11-12 тамыз аралығында Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.

Абдулла Шахид Мальдив Республикасының үкіметі мен заң шығарушы органдарында ұзақ жұмыс істеген көрнекті саясаткер және білікті дипломат ретінде кеңінен танымал.

Гендерлік теңдіктің қайратты жақтаушысы өз елінің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ сыртқы қызмет қызметкерлерінің арасында алғаш рет гендерлік теңдікке қол жеткізген.