Полиция экс-министр Бишімбаевтың өз әйелін өлтіруіне қатысты түсінік берді

0
609

Тергеу Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында.


Полиция экс-министр Бишімбаевтың өз әйелін өлтіруіне қатысты түсінік берді

Астана полиция департаменті экс-миниср Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіруіне қатысты түсініктеме берді. Полицейлер жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тергеу жүріп жатыр, күдікті Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр, жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік бар екенін естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.

Тергеу Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында.

2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған еді.

Қайғылы оқиға астанадағы Bau мейрамханасында болған.

Еске салайық, 2017 жылғы 11 қаңтарда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Атышулы сыбайлас жемқорлық іс бойынша 23 адам жауап берді, оның ішінде экс-министрдің немере ағасы да бар. Жоғары лауазымды шенеунік Қызылордада шыны зауытын салу кезінде 1 миллиард теңгені жымқырып, бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

2018 жылғы наурызда Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 2019 жылғы қаңтарда экс-министр жазасын әрі қарай өтеу үшін Шымкенттегі ИЧ-167/3 қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстырылды.

2019 жылғы 11 қазанда Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты.