Өзбекстанда теракт туралы хабарлама тараған соң 10 қазақстандық ұсталды

0
303

Ұсталғандардың бірінің айтуынша ол Ташкентке бір-екі күн бұрын туыстарына келген және тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген.


Өзбекстанда теракт туралы хабарлама тараған соң 10 қазақстандық ұсталды

ERNUR.KZ. 8 сәуір күні Ташкентте полиция 10 Қазақстан азаматын еш себепсіз Мирзо-Ұлықбек аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген, деп жазады stan.kz.

Ұсталғандардың бірінің айтуынша ол Ташкентке бір-екі күн бұрын туыстарына келген және тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген. 8 сәуірде түстен кейін учаскелік полиция қызметкері келіп, тіркеу деректерін тексеру үшін бөлімге баруын сұраған. Бөлімде одан басқа Қазақстанның 10 азаматы мен Тәжікстан өкілдері болған.

"Полиция бөлімшесіне келген соң кіреберісте ұялы телефондарды алып кетті. Дәлізде қазақстандықтардан бөлек, көршілес басқа елдердің де азаматтары болды. Сосын бізді стадионометрдің алдына суретке түсіруге апарды. Мен мұндай фонда суретке түсуден бас тарттым. Сосын олар камераны кері бұрып, қабырғаға суретке түсірді. Содан кейін барлығын қызметкерге жеткізіп, ол келу мақсатымыз туралы бірқатар сұрақтар қойып, деректерді жазып, жеке телефонына төлқұжатты суретке түсірір, босатып жіберді. Шығып бара жатқанда басқа да туристерді көрдім", — деді жерлесіміз.

Полиция өкілдері азаматтарды не себепті ұстағандары туралы сұраққа нақты жауап бермеді. Елге келген туристерге мұндай қаталдықпен қараудың ықтимал себебі Telegram мессенджерінде арандатушылық хабарламалардың көбеюі болуы мүмкін. Хабарламаларда аты-жөні белгісіз адамдар сауда орталықтары мен мектептер сияқты қоғамдық орындарда теракт жасауды ұсынады. Заңсыз әрекеттері үшін шабуылдаушылар ақшалай сыйақы, сондай-ақ қару-жарақ жеткізуге уәде береді. Осыған байланысты Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі арнайы үндеу жасады.

"Өзбекстан Ішкі істер министрлігі үрейленбеуге, ұқсас хабарламаларды ешкімге жібермеуге және ішкі істер органдарына 102 телефоны арқылы дереу хабарлауға шақырады. Сондай-ақ жіберушілерді бұғаттап, олармен хат алмасуға болмайды. Агенттіктер кез келген қауіпсіздік қатерлерін бейтараптандыру және халықты ықтимал террористік шабуылдардан қорғау үшін өз құзыреті шегінде жұмыс істейді", – делінген хабарламада.