Оралда ер адам қызды қорқытып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

0
238

Күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген облыс орталығының тұрғыны ұсталды.


Оралда ер адам қызды қорқытып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Орал тұрғынын анықтады, деп жазады tengrinews.kz.

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген облыс орталығының тұрғынын ұстады.

"Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада.