Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

0
575

Ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жасалған.


Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

ERNUR.KZ. Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғанын мәлімдеді, - деп жазады tengrinews.kz.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Ота сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Оның айтуынша, ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жасалған.