Нұр-сұлтанда үстіне металл конструкция құлаған әйел қайтыс болды

0
687

Ол осы уақытқа дейін аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан.


Нұр-сұлтанда үстіне металл конструкция құлаған әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Нұр-сұлтан қаласында үстіне металл конструкция құлаған әйел аурухана төсегінде қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Төбесіне металл конструкция құлаған елорда тұрғыны қайтыс болды. Қайғылы оқиға 22 қазанда болған еді. Төтенше жағдайдан зардап шеккен 1965 жылы туған әйел №2 қалалық көпбейінді ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Пациентке ми операциясы жасалды, өкінішке қарай, оң динамика бермеді. Сондай-ақ, реанимациялық шараларға қарамастан, науқасты құтқару мүмкін болмады», - делінген басқарманың хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қазан күні елордадағы көпқабатты үй шатырынан металл конструкция құлап, оқыс оқиға салдарынан 56 жастағы әйел зардап шеккен. Ол түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.
Сондай-ақ, қалалық полиция департаменті болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлады.