Маңғыстау тұрғындары Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарын құлдықта ұстаған

0
488

Олар негізінен құрылыс жұмыстарына немесе үй шаруашылығына тартылған.


Маңғыстау тұрғындары Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарын құлдықта ұстаған

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Маңғыстау облысында құлдықта болған 8 адам құтқарылды. Олар Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары, деп жазады Azattyq Rýhy.

Өңірде құлдыққа түсіп қалатын адамдардың көбі осы екі елден келетін гастарбайтерлер екен. Оларды негізінен құрылыс жұмыстарына немесе үй шаруашылығына жұмысқа салады.

Еске салайық, 9 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Қоғам белсенділерінің пікірінше, осы құжат күшіне енгеннен кейін елімізде адам саудасы мәселесінде оң өзгерістер болуы тиіс.