Лифтідегі оқиға: Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

0
639

Әлеуметтік желіде лифтіде екі адамның сүйісіп тұрғаны жайлы видео жарияланып, қоғамда қызу талқыланған болатын.


Лифтідегі оқиға: Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі қызметкерлеріне қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады sputnik.kz.

"Астана қаласының полиция департаменті лифтіде болған оқиғаға энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатысы бар екені туралы жалған ақпарат негізінде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде лифтіде екі адамның сүйісіп тұрғаны жайлы видео жарияланып, қоғамда қызу талқыланған болатын. Артынша олар "энергетика министрлігінің қызметкерлері екен" деген ақпарат тарап кетті. Тіпті фотоларын да жариялап жіберді. Энергетика министрлігі бұл ақпаратты дереу жоққа шығарды.