Қостанайда түн ішінде ауруханадан шығып кеткен зейнеткердің денесі табылды

0
265

Аталған факті бойынша сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Қостанайда түн ішінде ауруханадан шығып кеткен зейнеткердің денесі табылды

ERNUR.KZ. Қостанайда 68 жастағы тұрғынның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол суықта үсіп өлген. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Департаменттің хабарлауынша, зейнеткер әйел 29 ақпан күні түн ішінде қалалық ауруханадан шығып кетіп, үйіне оралмаған.

Оны іздеуге полицияның жеке құрамы мен еріктілер және кейбір Қостанай тұрғындары жұмылдырылған. Сол күні кешкі сағат 19:30 кезінде Станционная көшесі маңынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылды. Аталған факті бойынша сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.