Қостанайда қарт әйел соққыға жығылып, қайтыс болды

0
1 115

23 қарашада Қостанай қаласындағы ауруханаға 85 жастағы қарт әйел қабырға асты аймағының көгеруі және кеуде қуысының контузиясы диагнозымен түсті.


Қостанайда қарт әйел соққыға жығылып, қайтыс болды
ERNUR.KZ. Оның соққыға жығылғанын Қостанай облысының Полиция департаменті растады, деп жазады inform.kz.

Әйел өзін соққыға жыққанын айтқан. Полицейлер оған дене жарақатын салған адамды анықтады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әйелдің 1 желтоқсанда қайтыс болғаны белгілі болды. Сараптама өлім себебін анықтады: жедел өкпелік жүрек жеткіліксіздігі, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, кардиомиопатия. Бірақ тексеру кезінде зейнеткердің қабырғасы сынғаны расталды.

«Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру баптың 2-бөлігінің 5-тармағына өзгертілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы «Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді полициядан.