Қостанайда 20 тонна шемішке өртеніп кетті

0
948

200 шаршы метр аумақта сақталған астық кептіргіштегі шемішке (шамамен 20 тонна) өртеніп кеткен.


Қостанайда 20 тонна шемішке өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Пешковка ауылы «Трояна» ЖШС аумағындағы кептіру камерасынан өрт шықты, деп жазады ulysmedia.kz.

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 200 шаршы метр аумақта сақталған астық кептіргіштегі шемішке (шамамен 20 тонна) өртеніп кеткен.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - технологиялық процестің бұзылуы», – делінген хабарламада.