Көкшетауда алаяқ жалғызбасты ананың 18 млн теңгесін иемденіп алды

0
365

Құқық қорғаушылардың айтуынша алаяқтар дауысты жасанды интеллект арқылы көшіруді үйреніп алған.


Көкшетауда алаяқ жалғызбасты ананың 18 млн теңгесін иемденіп алды

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласының 21 жастағы тұрғыны екі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қаскүнемнің басқа адамдармен сөз байласу арқылы әрекет еткені белгілі болды, деп жазды Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы қорының Telegram каналы.
Ол әйелдің үйде жоқтығын пайдаланып, оның қыздарын "анаң жол апатына ұшырады" деп алдаған. Ер адам сенгіш қыздарға көмектесуге уәде беріп, олардың анасының пәтер алу үшін жинаған 18 миллион теңгесін алып кеткен.
Сот алаяқты бес жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Telegram каналының мәліметінше, биыл Қазақстанда 9 мыңға жуық киберқылмыс тіркелген. Оның 2 мыңы немесе 22 пайыздан сәл астамы ғана ашылған.
Алаяқтар генеративті жасанды интеллект немесе "дипфейк" деп аталатын технологияны қолдана отырып, қоңырау шалу кезінде дауысты ұқсату өнерін меңгерген, дейді полицейлер.