Қазірдің өзінде 20-дан астам жүкті әйел вакцинаға қызығушылық танытып отыр

0
609

Pfizer препаратын салдырғысы келетіндердің барлығы тұрғылықты жері бойынша емханаларға барып, тіркелуі керек.


Қазірдің өзінде 20-дан астам жүкті әйел вакцинаға қызығушылық танытып отыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева хабарлады. Оның айтуынша, қазірдің өзінде елде 20-дан астам жүкті әйелді вакциналау басталғанына назар аударды, деп жазады baq.kz.

Ең алдымен, көптеген зерттеу жүргізілген. Коронавирустың салдарынан дерті асқынған әйелдер болды. Біз жүкті әйелдерді 16-дан 37 аптаға дейін екі компоненттен вакциналауды ұсынамыз. Сондай-ақ әйелдерге лактация кезінде босанғаннан кейін 42 күн өткен соң вакциналау ұсынылады, - деді басқарма басшысының орынбасары.

Pfizer препаратын салдырғысы келетіндердің барлығы тұрғылықты жері бойынша емханаларға барып, тіркелуі керек.

Pfizer вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген. Екпе АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Оның тиімділігі 95%-ды құрайды. Бұл - Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.

Еске сала кетейік, бұған дейін 30 мыңнан астам алматылық ата-ана баласына вакцина салуға рұқсат бергені туралы жазған болатынбыз.