Қазақстанның жоғары оқу орындарынан сырттай оқу түрі неліктен алынып тастады

0
439

Үкімет кулуарында министр магистратураға грант құны көтерілуі мүмкін екенін айтты.


Қазақстанның жоғары оқу орындарынан сырттай оқу түрі неліктен алынып тастады

ERNUR.KZ. Үкімет кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан жоғары оқу орындарындағы сырттай оқу түріне неліктен тыйым салынғанын түсіндірді, деп жазады zakon.kz.

Саясат Нұрбек қазір елімізде бірде-бір жоғары оқу орны студенттерді сырттай оқытпайтынын айтты.

"Жоқ, біз сырттай оқудан алыстап кеттік, сапасы, өкінішке қарай, сын көтермей кетті".Саясат Нұрбек

Оның айтуынша, қазір еліміздегі университеттерге гибридті білім беру деп аталатын оқыту түрі рұқсат етіле бастады, ол бойынша жоғары оқу орындары қандай да бір онлайн элементтерді пайдалана алады.

Саясат Нұрбек колледж түлектері бұрынғыдай ЖОО-ның екінші курсына түсе алмайтынын да айтты.

"Біз қазір Оқу-ағарту министрлігімен үлкен жұмыс атқарып жатырмыз, қазір қолданбалы бакалавриат деген ұғым бар. Мықты колледждер өздері бакалавр дайындай алады, ол үш жылдық бағдарлама болады", - дейді Саясат Нұрбек.

Бұған қоса, үкімет кулуарында министр магистратураға грант құны көтерілуі мүмкін екенін айтты.