Қазақстандағы бөгеттен асқан су Ресейдің Орск қаласын басып қалуы мүмкін

0
193

Жергілікті билік бөгетке жақын елді мекендегі адамдарды көшіру туралы хабарлады.


Қазақстандағы бөгеттен асқан су Ресейдің Орск қаласын басып қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей шекарасындағы су қоймасының толып кетуінен Орск қаласын су басу қаупі туындады, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстанмен шекарадағы жекеменшік су қоймасында Меңдібай өзенінің сағасымен Орск қаласына су келуі мүмкін", - деп хабарлайды РИА Новости.

Тұқай ауылын су басу қаупі бар, эвакуация жарияланды, деп хабарлады мэриядағылар.
"Тұрғындар уақытша орналастыру орталықтарына орналастырылады", - делінген хабарламада.
Эвакуация орталықтарына тасымалдау үшін муниципалды автобустар ұйымдастырылды.
Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр.