Қазақстанда вейп пен лудоманияға байланысты мектеп бағдарламасы өзгереді

0
1 650

Министрлік осы бағытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бірнеше жол картасы мен жоспар әзірлеп жатыр.


Қазақстанда вейп пен лудоманияға байланысты мектеп бағдарламасы өзгереді

ERNUR.KZ. Қазақстан мектептерінің бағдарламасына наркомания, вейпинг пен лудоманияның алдын алу тақырыптары қосылады. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бүгін осылай деп мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Оның сөзінше, министрлік осы бағытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бірнеше жол картасы мен жоспар әзірлеп жатыр. Оның ішінде білім беру бағдарламаларына балаларды денсаулығы мен дамуына кері әсер ететін әдеттерден қорғау тақырыптарын қосуды жоспарлап отыр. Адамның дамуына темекі шегу мен есірткінің зияны тақырыбын 7-9 сыныптарға арналған “Биология” пәніне, салауатты өмір салтын ұстану тақырыбы бойынша кездесулерді 1-4 сыныптарға арналған “Дүниетану” және 1-6 сыныптарға арналған “Жаратылыстану” пәндерінің мазмұнына қосты.

“Оқушыларға ақпарат беріп, түсіндіруге полиция мен медицина қызметкерлері қатысады. Бұл жұмысқа 90 мың маман, 8 мыңнан астам педагог-психолог және 4 мың әлеуметтік педагог тартылған”, – деді оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.