Қазақстанда тағы бір жаңа пән пайда болады

0
571

Мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу керектігі айтылды.


Қазақстанда тағы бір жаңа пән пайда болады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Енді мектепте балаларға домбыра тарту үйретілетін болады, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова айтты.

Ол мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу керектігін атап өтті. Қазір оқу бағдарламасы сараптамадан өтуде, содан кейін ол барлық білім беру ұйымдарына жолданады.

Ұлттық құндылықтар - өте маңызды. Біз өз Отанымызды жай ғана сүйіп қоймай, оған жан-тәнімен берілген, өз халқы мен отанының идеяларын, құндылықтарын насихаттайтын адамды қалыптастырып, соған арқа сүйеуіміз керек. Бірақ бұл барлығы осы пәнді оқуға жаппай, тезірек көшеді дегенді білдірмейді. Барлығы мектептің дайындығы мен ресурстарына байланысты болады, - деді Алмагүл Мұхамедханова елордадағы білім беру жөніндегі тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, бұл әсіресе қазақ тілді сыныптарға қатысты.