Қазақстанда көлікті жалға алу қызметіне сұраныс азайды

0
574

Бір жылда каршеринг қызметінің көлемі 37%-ға төмендеген.


Қазақстанда көлікті жалға алу қызметіне сұраныс азайды

ERNUR.KZ. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалға беру беру және лизинг саласы бойынша қызметтер көлемі 541,2 млрд теңгені құрады. Ақшалай мәнде бұл былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 0,5%-ға көп. Дегенмен нақты мәнде секторда құлдырау байқалып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Сектордағы қызметтердің жалпы көлемінің төрттен үш бөлігі 4 өңірдің үлесіне тиді: Астана (125,7 млрд тг), Алматы (104,4 млрд тг) қалалары, сондай-ақ Маңғыстау (97,9 млрд тг), Атырау (83,5 млрд тг) облыстары.

Қызметтердің ең аз көлемі Жетісу (626,8 млн тг), Түркістан (1,1 млрд тг) және Алматы (2,2 млрд тг) облыстарында тіркелді.

Жалға беру және лизинг саласындағы қызметтердің құрылымында ең көп көлем жеңіл автомобильдер мен жеңіл көлік құралдарын жалға алуға тиесілі: 80,3 млрд теңге. Дегенмен де 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш құндық мәнде 37%-ға қысқарды. Екінші орында жүк көліктерін жалға алу бойынша қызметтер орналасты: 67,6 млрд теңге, жылдық өсім – 21,9%. Сектордағы қызметтердің айтарлықтай көлемі су көліктері мен жабдықтарын (57,1 млрд тг), құрылыс машиналары мен жабдықтарын жалға алуға (50,7 млрд тг) тиесілі.