Қазақстанда арқан тартыс федерациясы құрылды

0
312

Арқан тартыс әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркелген.


Қазақстанда арқан тартыс федерациясы құрылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда арқан тартыс федерациясы құрылды. Осы ұйым Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына екі команданы дайындап шығарады, деп жазады sputnik.kz.

Жаңадан құрылған федерация президенті – Еркебұлан Ілиясов, оның екі орынбасары да бар. Олар – даму бағыты бойынша вице-президенті Нұрлан Жабаев пен спорт жөніндегі вице-президент Бақдаулет Сәбитов. Ұйым Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын ел құрамасын жасақтаумен айналысады. Осыған орай, келесі айдан бастап еліміздің 5 аймағында іріктеу жарыстары өтеді.
Жарыс ІІ кезеңнен тұрады. І кезең – аймақтық (орталық, солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік) іріктеу жарыстары, ІІ кезең – ақтық кездесулер (финал).
Әр аймақтық іріктеуде жеңімпаз атанған командалар ІІ кезеңге жолдама алады.
1) Орталық аймақтық іріктеу: Астана қаласында 13 ақпанда;
2) Солтүстік аймақтық іріктеу: Көкшетау қаласында 17 ақпанда;
3) Шығыс аймақтық іріктеу: Семей қаласында 20 ақпанда;
4) Батыс аймақтық іріктеу: Атырау қаласында 24 ақпанда;
5) Оңтүстік аймақтық іріктеу: Тараз қаласында 28 ақпанда;
6) Ақтық кездесулер (финал): Астана қаласында 6-7 наурыз күндері өтеді
Айта кетері, арқан тартыс әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркелген. Халықаралық арқан тартыс федерациясы да бар.