Қазақстанда 10 мыңнан астам адамға іздеу жарияланған – Бас прокуратура

0
657

2 176 адам хабар-ошарсыз жоғалғандар.


Қазақстанда 10 мыңнан астам адамға іздеу жарияланған – Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп жазады Inbusiness.kz.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

Алматы қаласы - 287;

Қарағанды облысы-221;

Павлодар облысы-170;

Алматы облысы - 167 тіркелген.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

Үйден кетіп, оралмаған - 1 634 адам,

автокөлікпен жоғалған – 74,

жұмыстан кеткен-36.

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде.

Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (514)

Астана қаласында (185)

Шымкент қаласында (155)

Алматы (143)

Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

"Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз", делінген хабарламада.