​Қазақстан ұлттық құрамасы Грекиядан ірі есеппен жеңіліп қалды

0
740

Ойынның 87-минутында Еркін Тапалов Қазақстан қақпасына гол соғып алды.


​Қазақстан ұлттық құрамасы Грекиядан ірі есеппен жеңіліп қалды

21 наурызда Қазақстан және Грекия құрамалары Ұлттар лигасының жартылай финалында кездесті. Матч 5:0 есебімен Грекия командасының жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасында алғашқы минутта Шацкий, Вороговский, Ерланов, Марочкин, Быстров, Қайыров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков, Чесноков, Самородов ойнады.

Грекия командасынан бірінші кезеңде Анастасиос Бакасетас 9-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындап, алғашқы есепті ашты.

Одан кейін қазақстандық футболшылардың әлсіздігін пайдаланған Димитриос Пелькас 15, Фотис Иоаннидис 37, Димитриос Курбелис 40-минутта қатарынан үш гол соғып кетті. Ойынның 87-минутында Еркін Тапалов Қазақстан қақпасына гол соғып алды.

Осылайша футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды. Ал Грекия командасы 26 наурызда Грузия құрамасымен Еуро-2024 турниріне жолдаманы сарапқа салады.