Қазақстан президентінің кеңесшісі тағайындалды

0
2 307

​Әкімжанова Тамара Дүйсеновадан кейінгі Қазақстан президентінің кеңесшісі атанған екінші әйел болды.


Қазақстан президентінің кеңесшісі тағайындалды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Әкімжанова Маржан Әбдіжүсіпқызы Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады sputniknews.kz.

Маржан Әкімжанованың қай саланы қадағалайтыны нақты айтылмаған.

2016 жылы Маржан Әкімжанова Қазақстан президентінің баспасөз хатшысының орынбасары болған және "Құрмет" орденімен марапатталғаны белгілі.

Ол әр жылдары Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі, президент хаттамасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, Әкімжанова Тамара Дүйсеновадан кейінгі Қазақстан президентінің кеңесшісі атанған екінші әйел болды.


Басқа да тағайындаулар

Сонымен қатар, Тоқаев Қазақстанның қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының үш орынбасарын тағайындады.


Агенттік төрағасының бірінші орынбасары болып Ермек Оспанов, ал төраға орынбасары лауазымына Жеңіс Елемесов пен Ұлан Раисов тағайындалды, – делінген ақпаратта.