Қазақстан каноэде есу бойынша Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

0
517

Бұл Азиялық іріктеу турнирі.


Қазақстан каноэде есу бойынша Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

ERNUR.KZ. Паттайада байдарка мен каноэде есу бойынша Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Бұл жарыста қазақстандық спортшылар Токио ойындарына үш лицензия жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz.

Ағайынды Тимофей және Сергей Емельяновтар екілік каноэде 1000 метр қашықтыққа жүзуде 03:37,608 уақытымен бірінші болды.

Ал әйелдер арасында Маргарита Торлопова мен Светлана Усова 500 метрге жүзуде бірінші болды. Осылайша, олар осы жарыс түрінен екінші жолдаманы жеңіп алды.

Мұның алдында қазақстандық Александр Куликов байдарка мен каноэде есу слаломы бойынша бір жолдама жеңіп аған болатын.