Қазақ тілін түсінетін ит желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

0
746

​TikTok әлеуметтік желісінде қазақ тілін білетін Майло есімді иттің видеосы көптің талқысына түсті.


Қазақ тілін түсінетін ит желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

ERNUR.KZ. Майлоның қожайыны оны орыс тілінде тамаққа шақырады. Алайда үй жануары иесі қазақша сөйлегенде ғана шақыртуын қабыл алады, деп жазады stan.kz.

“Сені ұзақ күтейін бе? Жүр, тамақ ішеміз. Мен сенің сүйікті асыңды дайындап қойдым. Жүрсеңші, Майло. Енді қайтсем екен”, – дейді итін көндіре алмай әлек болған қожайын орыс тілінде.

Кейін ол ресми түрде қазақ тілінде Майлоны тамаққа шақырды. Бір қызығы бұл жолы үй жануары қожайынын көп күттірген жоқ.

“Құрметті, Майло. Жүріңіз, тамақ ішейік”, – деді ол ресми үнмен.

Осылайша Майло желі қолданушыларын таңғалдырды.

“Майло сөйлей алса, қожайынына “қазақша сөйле” деп айтар еді”, “Қазақстанда бәрі мемлекеттік тілде сөйлеуге және оны түсінуге міндетті. Тіпті үй жануарлары да”, “Нағыз патриот ит екен”, “Майло біздің шенеуніктерден де жақсы екен”, “Өте ақылды, қазақ тілін құрметтейді”, – деп пікір қалдырды желідегілер.