Қазақ тілін меңгеру деңгейі енді жаңа талаптармен анықталады

0
1 865

Елордада Стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңес өтті.


Қазақ тілін меңгеру деңгейі енді жаңа талаптармен анықталады

ERNUR.KZ. Онда ҚР ұлттық стандарттарының жобалары қаралды. Оның ішінде Деңгейлер бойынша қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері жөніндегі жобалар мақұлданды, деп жазады zakon.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, стандарттың негізгі мақсаты – қазақ тілін меңгеру деңгейін белгілеу. Содан кейін Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді өткізіп, тиісті сертификаттар береді.

Міндетті тестілеуден мынадай санаттар өтеді:

  • магистратура мен докторантураға түсетін студенттер.
  • мемлекеттік әкімшілік қызметтің "А" органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлер.
  • "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткер талапкерлер.
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына түсуге үміткер студенттер.
  • "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" оқытушылары.

Әзірлеушісі – ҚазСтандарт. Қолданысқа енгізілетін болжамды күні – 2024 жылдың 1 қаңтары.

"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның қабылдануымен байланысты жоғарыда аталған әзірленген стандарттар өте қажет, өйткені олар жұмысты нақты регламенттер мен талаптарға сәйкес келтіреді", - деп атап өтті мәжіліс депутаты Иса Қазыбек.