Каспий жағалауындағы өрт 100 гектарға тарады – тілсіз жау әлі ауыздықталған жоқ

0
370

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін түнде сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртене бастады.


Каспий жағалауындағы өрт 100 гектарға тарады – тілсіз жау әлі ауыздықталған жоқ

ERNUR.KZ Каспий теңізінің жағалауында қамыс отқа оранды. Өрт 100 гектарға тарап кетті, деп жазады sputnik.kz.



Ресми мәліметке сәйкес, бүгін түнде сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртене бастады. Бұл жер Құрманғазы орманшылығының аумағына кіреді. Ал 40 шақырым шалғайда Құрманғазы ауылы бар.
Екі сағаттан кейін оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің, орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы органнан 36 адам барды. Қазіргі кезде 6 мотопомпа, бірнеше техника мен мотоқайық өртті сөндіріп жатыр.
"Батпақты жер мен қамыстың тығыз қалың өсуі өртті сөндіруге қиындық туғызуда, техниканың баруына кедергі келтіруде", - дейді құтқарушылар.
Алдын ала болжам бойынша 100 гектар қамыс өртенді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.