Каспий теңізі суының ауытқуы 15 сантиметрден аспайды — Қазгидромет

0
294


Каспий теңізі суының ауытқуы 15 сантиметрден аспайды — Қазгидромет

ERNUR.KZ Каспий теңізі суының ауытқуы 15 сантиметрден аспайды, деп жазады kaz.inform.kz.




«Қазгидрометтің 11-16 сәуірге жасаған болжамына сәйкес, теңіз деңгейінің орташа мәні Солтүстік Каспийде — минус 28,75 м, Орта Каспийде — минус 29,14 м-ге жуық болады. Желшегерме-желкөтерме құбылыстары күтілмейді, теңіз деңгейінің ауытқуы 15 см-ден аспайды», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, қаңтар-наурыз аралығында теңіздің қазақстандық бөлігінің орташа деңгейі тарихи ең төменгі минимумнан төмен (минус 29,01 м БС) болды.