Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын ұйымдастырушылар тізімін жариялады

0
429

2019-2022 жылдар аралығында 73 жасырын казино жойылып, 2280 ойын терминалы тәркіленді.


Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын ұйымдастырушылар тізімін жариялады

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында онлайн казино қызметін іске асыратын ұйымдардың тізімін жариялады, деп жазады zakon.kz.

Тізім қаржылық мониторинг субъектілерінің заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл шеңберінде және өз қызметінде пайдалануы үшін ҚМА порталында жарияланған.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл шара заңсыз ойын бизнесін іске асыру кезінде қаржы ұйымдарының өнімдері мен қызметтерін пайдалану деңгейін төмендетуге бағытталған.

"Ойынға тәуелділік адам тағдырын бұзатын қауіпті құбылысқа айналады.Бұл проблема отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауына және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға алғышарттар туғызады".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

2019-2022 жылдар аралығында 73 жасырын казино жойылып, 2280 ойын терминалы тәркіленді. Осы жылдың басынан бері Агенттік қызметкерлері 19 заңсыз ойын мекемесін және 111 ойын терминалын анықтады.

Сонымен қатар Агенттік заңсыз ойын қызметі (онлайн казино) белгілері бар әлеуметтік желілердегі сайттар мен аккаунттарға 3 мыңнан астам сілтемелерін бұғаттаған.