Қарағандыдағы жарылыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы белгілі болды

0
807

Ер адам реанимацияға жатқызылды.


Қарағандыдағы жарылыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы екі пәтерлі тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы туралы хабарлады. Оның бірі ауыр жағдайда жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ер адам реанимацияға жатқызылды. Денесінің 40% күйік шалған. Жағдайы ауыр. Қыз баланың халі орташа ауыр. Басы мен аяқтары бірнеше жерінен жараланған. Ауруханаға жатқызылды, хирургиялық көмектің қажеті жоқ, консервативті ем жасалып жатыр», - деп түсіндірді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды.

Үйді жылытатын бу қазандығы жарылып, салдарынан ғимарат опырылып қалған.

ТЖД күшімен үйінді астынан 1966 жылы туған ер адам мен 2008 жылы туған қыз бала шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді.

Кейін қарағандылық төтенше жағдай мамандары жер үйде болған жарылыстың алдын ала себебін айтты.