Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

0
515

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы WhatsApp арқылы әрекет еткен.


Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қарағандыда қаржы пирамидасының құрылуына тосқауыл қойды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы WhatsApp арқылы әрекет еткен, деп жазады zakon.kz.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық схема қатысушылардың екі бағыт бойынша қаражатын тартудан тұрды.

Біріншісі – жаңа қатысушыларды тарту арқылы салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге азаматтардан инвестиция жинақтау. Екіншісі – «Cтандарт», «Vip» және «Premium» деген үш позицияға азаматтардан инвестиция тарту, 150 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейінгі салымдар сомасында қаражат жинақтау.Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі

Қылмыскер іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған.

Салымдар мобильді банкинг арқылы қабылданды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заң бұзған азаматша қаржылық пирамиданы құруына қатысты кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі