Қарағандыда экологиялық ахуалға айрықша көңіл бөлінген

0
621

Сәйкесінше, бұл «Жасыл Қазақстан» сынды мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, экологияны оңалтуға ерекше көңіл бөліп отырған еліміздің бір игілігі деп білеміз.


Қарағандыда экологиялық ахуалға айрықша көңіл бөлінген

Қазір экология тақырыбы күллі дүниежүзіне ортақ өзекті мәселе. Соның ішінде бұл проблема Қазақстанға, әсіресе қандай да бір апаттардың, зиянды өндірістер мен жайсыз климаттың зардабын шегіп отырған өңірлерде күн тәртібінен түспейді. Сол аумақтардың бірі – кеншілер өлкесіне айналған Қарағанды облысы. Дегенмен, қара алтынға бай өлкенің жастары да, жасамыстары да «жағдайға көнеміз ғой» деп қарап отырмай, үлкенді-кішілі әрекеттерін жасап келеді. Тіпті, биылғы жылдың үш айының өзінде біршама іс тындырып, қоршаған ортаны қорғау саласына сүбелі үлес қосқан. Сәйкесінше, бұл «Жасыл Қазақстан» сынды мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, экологияны оңалтуға ерекше көңіл бөліп отырған еліміздің бір игілігі деп білеміз.


Мәселен, жыл бастала салып жеткен хабарларға сәйкес, Қарағанды облысының жас ізденушілері жүргізген зерттеулер маңызды болып саналып, ел көлемінде жас ғылым өкілдері үшін арнайы бөлінген елу гранттың иегерлері атанды. Ғылым саласына бағытталған стипендияға ие болғандар – Бөкетов атындағы Қару қызметкері Ақажанов Сұңғат пен индустриалды университеттің қызметкер А.Волокитин. Граниегерлерінің алғашқысы геотехника бағыты бойынша Каспий теңізі жағалауына айлақтар салу жобасын әзірлейді екен. Заманауи технологиялардың барлық мүмкіндігі қолданылға жоба жұмыс уақыты мен құнын азайтуға және ең бастысы – экологиялық тұрғыдан қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз етуге жол ашады екен. Ал, екінші стипендия иегері метал өңдеу саласындағы проблемаларды шешетін зерттеу жүргізген.

Ал, экологиялық ахуалы өте төмен Теміртау қаласы басшысының жаңа бизнес-идеяларға бөлген грантын ұтып алған Дүйсен АМАНБОЛ пластик материалдар мен полиэтилен пакеттерді кәдеге жаратқысы келеді. Қайта өңдеу бағытындағы жобаны іске асыруға бдел буған азамат қаладағы экологиялық жағдайдың күрделі екендігін ескеріп, қала аумағын таза ұстауға ықпал ететін жобаны қолға алған. Ол алдағы уақытта қаланың көптеген тұсына арнайы қоқыс контейнерлерін орнатып, аталған қалдықтарды түйіршікке айналдырып, қайта өңделген өнімді ірі компанияларға сатпақшы.


Сонымен қатар, жыл басында облыс әкімі Бөлекпаев Ермағанбет өңірдіт жан-жақты дамыту саласы бойынша жауаптыларға бірқатар міндеттер жүктеп, экологияға тікелей қатысты салалар шеңберінде сөз қозғады. Соның бірі – қарқыны күшейеқоймаған газдандыру саласы екен. Тиісінше, 2024 жылы табиғи газбен қамту бойынша бірнеше жоба іске асырылып, үйлерге газ кіргізу үшін үстемесіз кредит беру жұмыстары жалғасын таппақ. Оған қоса, облыс басшылығының алдында тұрғындарды толықтай сапалы ауызсумен қамту міндеті тұрғанын жеткізді. Бүгінгі таңда бес мыңға тарта халық бұл мүмкіндікке ие бола алмай отыр екен. Сондықтан, бірнеше аудан мен бекеттер аумағында биылдан бастап ауызсу желісін жүргізу жоспарланып отыр.


Қаңтар айының соңында мемлекет басшысы «Qarmet» кәсіпорнының басшыларцын қабылдап, өндіріс көлемі мен еңбек қауіпсіздігі бойынша бірнеше мәселені атап өткен еді. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы облыстағы экология жағдайға да айрықша мән беріп, барлық құрылғыларды газға көшіру және Теміртаудағы экологиялық проблемаларды оңалту керек екендігін жеткізді.

Қарағанды облысындағы тағы бір ерекше жаңалық – мейірімділік мектебінің жұмыс бастауы. Бұл мектепке қабылданған оқушыларға Қарағандыдағы зообақ қолдауы арқылы тегін сабақтар өткізіледі екен. Мұнда өткізілетін сабақтарда жасөспірімдерге қоршаған орта мен табиғат әлемінің өкілдеріне жанашырлықпен қарау туралы айтылып, адамдардың тіршілігі экологиямен тікелей байланысты екендігі түсіндірілмек. Мейірімділік сабақтарының өзі де зообақта өткізіледі екен.

Кез келген өңірдің экологиясына кері әсерін тигізетін факторлардың бірі – бей-берекет қоқыс алаңдары. Осыған орай, кеншілер өңірінде арнайы ғарыш мониторингі арқылы 700-ден астам заңсыз қоқыс полигоны анықталып, олардың алты жүз сексені жойылған екен. Оған қоса, заң талаптарын бұзған елуден астам тұлға жауапкершілікке тартылған. Мамандардың айтуынша, аталған заңсыздың табиғи ресурстардың сапасына кері әсерін тигізеді. Сәйкесінше, 2024 жылы да заңсыз қоқыс алаңдарын анықтап, жою мақсатындағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Жалпы, бүгінгі таңда біз айтып отырған өңірде экологияға қаитысы мәселелерді шешу мақсатында кешенді жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Аталған жол картасында әсіресе табиғат аясын таза ұстауға үндейтін іс-шараларға басымдық берілген. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мақсатында алты бірдей қоқыс алаңын салу көзделіп отыр. Бұл туралы бірер күн бұрын өңір басшысының алдында есеп берген Қарағанды облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Санбаев Бақтияр мәлім еткен болатын.


Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, ауа сапасын арттыру мақсатында былтыр газ анализаторы, аспиратор, метеометр, түбіндегі шөгінділердің сынамаларын іріктеуіш және тағы да басқа құрылғылар сатылып алынған. 2024 жылы да жаңа жабдықтар алуүшін қаражат бөлініп отыр. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың шешімімен табиғатты ластағандарға салынатын айыппұл көлемі екі есеге артыпты.


Ал, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және өңдеу мақсатында биыл және келер жылы алты бірдей ауданда қоқыс полигоны салынбақ. Қалалардыңішінде қалдықтарды сұрыптап жинауға мүмкіндік беретін арнайы контейнерлер орналастырылатын болады.

Өңірде су нысандарын, сумен қамтамасыз ету жүйелерін реттеу жұмыстары да қолға алынып, алдымыздағыүш жылдың көлемінде жиырмаға жуық ирригациялық жүйе мен он су құрылымын жаңалау көзделіп отыр. Одан бөлек екі бірдей су қоймасы салынып, бұл жұмыстардың барлығы ауылшаруашылығымен айналысатын шаруаларды сумен қамтамасыз етуге де оң әсерін тигізбек. Ал, өткен жылы өңір үшін маңызыт зор Нұра өзінінің үш бірдей нысанына жаңғырту шаралары жүргізілген екен. Алдағы уақытта бұшл бағыт бойынша тағы бірнеше су нысаны жаңғыртылып, алты жоба іске асырылмақ. Орман қорын сақтап, алқабын түрлі зардаптап қорғау жұмыстары да назардан тыс қалмаған.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ