"Қайрат Нұртас мектеп оқулығында не істеп жүр" – министрлік мәселенің мән-жайын түсіндірді

0
533

Желі қолданушысы танымал әншінің аты математика пәнінде жүргенін айтқан.


ERNUR.KZ. Мектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп жазады sputnik.kz.


Мектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024


Министрліктің айтуынша, оқулықтарда Қайрат Нұртас туралы ақпарат жоқ.
"Олжас Беркімбай деген кісі өзінің әлеуметтік парақшасында "Қайрат Нұртас мектеп оқулықтарында жүр" деп жариялаған. Қазір ол ақпаратты Олжас Беркімбай алып тастады. Негізі бұл ақпарат – мұғалімнің жеке өзі құрастырған тапсырма", - дейді министрлік.
Желі қолданушысы танымал әншінің аты математика пәнінде жүргенін айтқан.
"Суретте көрсетілген "Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбы бойынша берілген тапсырма – мұғалімнің қалыпты бағалауға әзірлеген жеке тапсырмасы. Ал қолданыстағы 3-сыныптың "Математика" оқулығында Қайрат Нұртас туралы тапсырма жоқ", - деп министрлік оқулықтың фотосын жіберді.
Министрлік қолданыстағы оқулықтың фотосын жіберді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024


Ведомствоның айтуынша, мектеп оқулықтары бірнеше сараптамадан өтеді. Сол себепті әншілерге қатысты тапсырманың болуы мүмкін емес, әрі болмайды да дейді министрлік.