"Ішімдік ішіп, ақша сұраған": Семейде 33 жастағы тұрғын абайсызда әпкесін өлтіріп алды

0
952

​Семейде 33 жастағы тұрғын әпкесін өлтіргені үшін жазаға тартылды.


ERNUR.KZ. Деректерге сай, ол әпкесі ішімдікке салынып, ақша сұрай берген соң, кәмелетке толмаған балалардың жағдайына алаңдап, Алматыдан Семейге келген, деп жазады stan.kz.

Әпкесі бірнеше күн бойы достарымен бірге ішімдік ішкен соң 33 жастағы сіңлісі балалардың тағдырына алаңдап, оларды алып кету үшін бір-екі күнге Семейге баруды ұйғарған.

Келген соң ол әпкесінің ішімдікке салынғанын, ал балалардың ашығып, тоз-тозы шыққанын көреді.

Сол күні әйел азық-түлік сатып алып, кешкі ас әзірлеуге кіріседі. Осы кезде әпкесі 14 жастағы үлкен қызын ыдыс жумағаны үшін ұра бастаған. Жиенінің көмекке шақырған дауысын естіген әйел ойланбастан балаға қарай жүгіреді. Жедел бұрылып қалған кезде қоюға ұмытып кеткен қолындағы пышағы әпкесін жарақаттаған.

"Әйел жедел жәрдем шақырып, әпкесіне жан-жақты көмек көрсеткен. Бірақ ол дәрігерлер келгенше қайтыс болды. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қазір Абай ауданындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр. Оның Алматыда кәмелетке толмаған үш баласы қалды. Оларға анасының ұзақ іссапарға кеткені айтылған", - делінген ІІМ хабарламасында.

Колонияда алматылық келіншек кондитерлік цехқа жұмысқа орналасып, жалақысына балаларына үнемі сыйлық жіберіп, таксофон арқылы сөйлесіп тұрады.

Калония мамандарының айтуынша , алғашында келіншек мекемеге ата-анасы мен балалары өзінен теріс айнала ма деген қорқынышпен келген. Өйткені, әпкесін өлтіру өте сирек кездесетін жайт. Онымен психологтар жұмыс істегеннен кейін сотталушы жұмысқа орналасып, барлық оқу-тәрбие шараларына белсене қатыса бастаған.