ІІМ қазақстандықтарға SMS-ескерту жібере бастады

0
439

ІІМ азаматтарды қырағы болуға және негізгі сақтық шараларын сақтауға шақырады.


ІІМ қазақстандықтарға SMS-ескерту жібере бастады

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға профилактикалық және ескерту SMS-хабарламаларын жібере бастады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ұялы байланыс тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан Қазақстанның әрбір тұрғынына қолжетімді болғандықтан, алаяқтық дерегі туралы ақпаратты SMS арқылы жіберу азаматтардың кең ауқымын жедел хабардар етуге мүмкіндік береді", - деді ІІМ.

ІІМ азаматтарды қырағы болуға және негізгі сақтық шараларын сақтауға шақырады:

- ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына ермеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;

- өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;

- белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем жасауға келісуге тырысыңыз;

- күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз;

- қосымшаларды орнату үшін тек ресми App Store мен Play Market көздерін пайдаланыңыз;

- белгісіз адамдардан келіп түскен сілтемеге кірмеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

- банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз. 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

- өз шоттарыңыздағы ақша айналымын жиі тексеру қажет.

Бөлісу