Facebook-те Тоқаевтың жалған парақшасы пайда болды

0
741

Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген.


Facebook-те Тоқаевтың жалған парақшасы пайда болды

Facebook әлеуметтік желісінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған парақшасы пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Ол мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ екенін айтады.


"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Өзіңіз айтып отырғандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта Мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын", - деп жазды Берік Уәли.