Еуроодақ жасанды интеллект туралы заңды мақұлдады

0
261

Еуропарламент жасанды интеллектті (ЖИ) реттейтін әлемдегі алғашқы толық заңды енгізбек.


Еуроодақ жасанды интеллект туралы заңды мақұлдады

ERNUR.KZ. Регламенттің мақсаты – "негізгі құқықтарды, демократияны, заң үстемдігін және экологиялық тұрақтылықты қауіпті жасанды интеллекттен қорғау", - делінген Еуропарламент коммюникесінде, деп жазады inbusiness.kz.

Еуропалық парламент коммюникесінде реттеудің мақсаты негізгі құқықтарды, демократияны, заң үстемдігін және экологиялық тұрақтылықты жоғары тәуекелді жасанды интеллекттен қорғау, сондай-ақ инновацияларды ынталандыру және Еуропаны осы салада көшбасшы ретінде құру екені айтылған.

Ақпарат, телекоммуникациялар және компьютерлік технологиялар индустриясы қауымдастығы BITKOM Германия үкіметіне заңға негізделген ережелерді тым қатайтпауды ескертті.

ЕО-да заңды қабылдау үшін сәуір айының соңында болатын ЕО-ға мүше елдердің дауыс беруі қалды. Алайда, бұл жай ғана формальдылық деп саналады, өйткені ЕО-ға мүше елдердің елшілері отыратын Тұрақты өкілдер комитеті заңды мақұлдап қойған.