Ертең Алматыда күн суытып, үсік жүреді

0
623

1 сәуірде Алматының таулы аймақтарында түнде үсік жүреді.


Ертең Алматыда күн суытып, үсік жүреді

ERNUR.KZ. Синоптиктердің болжауынша, Алматы тауларында қатты жауын-шашын болады, деп жазады inbusiness.kz.

Желдің екпіні секундына 17-22, кей жерлерде 30 метр және одан да көп болуы мүмкін. 1 сәуірде түнде 1-6 градус суық болады.

Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындары мен қонақтарына таулы аймақтарда серуендеуден бас тарту керектігін ескертеді.

"Сонымен қатар, тауда жүрген туристерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Көмек қажет болса, мына телефондарға хабарласыңыз: 112, 109 немесе 8 (727) 372 15 60", - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер сәуір айында күннің жылынатынын айтқан болатын.