Елімізде ер азаматтар арасында өлім-жітім көбейген

0
849

2021 жылы 80 379 әйел, 95 410 ер адам қайтыс болған.


Елімізде ер азаматтар арасында өлім-жітім көбейген

ERNUR.KZ. Ер азаматтар арасында өлім-жітім көбейген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұрын "нағыз ердің жасы – елу" дейтін. Қазір, тепсе темір үзетін жігіт шағында «инсульт алыпты», «инфаркт болыпты», «жүректен қайтыс болыпты», дейтін жайсыз жаңалықты жиі еститін болдық. Мамандар мұны ерлердің эмоцияны іште бүгіп ұстауымен байланыстырады. Салдарынан, ағзада спазм пайда болып, соңы жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығады дейді.

«Әйелдер репродуктивті кезінде эстроген холестеринді ұстап тұрады екен. Қалай климакс кезеңге түседі, сол кезде эстроген төмендеп, холестерин көбейеді екен. Сол кезде ғана әйелде 50 жасқа таман жүрек-қан тамырлары ауруы кездеседі. Ал, еркектерде 40-тан асқан кезде пайда бола бастайды жүрек-қан тамырлары аурулары», - дейді кардиолог Айнұр Үркімбаева.
Соңғы 10 жылда елде жүрек-қан тамырлары ауруларына ұшырағандардың саны 1,7 есе көбейген. Мамандар мұны ер-азаматтардың денсаулығына жүрдім-бардым қарап, аз қимылдауынан деп отыр.
Ең өлім-жітімі жоғары елдердің ондығында Қазақстан да бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы 80 379 әйел, 95 410 ер адам қайтыс болған. Ал, 2022 жылы 56 175 әйел, 66 821 ер азамат өмірден өткен.
«Өзімнің тәжірибемде әйелдер өздерінің күйеулерін, жолдастарын психологқа жібере алмай жатады. Өйткені мен псих емеспін деген сияқты қате пікірде. Сондықтан ер адамдар психологқа көп келе бермейді. Ал, негізінен келген кезде өздерімен жұмыс жасаған кезде жақсы-жақсы жетістікке жетуге болады», - дейді психолог Толқын Мәкенова.
Ер азаматтар әйелдерге қарағанда 9-10 жыл кем өмір сүреді дейді мамандар. Бұл өмірде дәлелденген. Жол апатына жиі ұшырап, өзіне қол салатындардың басым бөлігі де – ерлер. Сананы нарық билеген заманда ер жігіттің әйеліне де, балаларына да масыл болғанын ешқашан қабылдаған емес. Сондықтан ер-азаматтар елге ғана емес, өздеріне де жауапкершілікпен қарауы қажет секілді.