Елімізде әскери қызметкерлердің дене дайындығына қатысты ережелер өзгереді

0
656

Өзгеріс әскери қызметкерлердің дайындығын сапалы ұйымдастыру мақсатында енгізіліп жатыр.


Елімізде әскери қызметкерлердің дене дайындығына қатысты ережелер өзгереді

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі дене шынықтыру даярлығы стандарттарына өзгерістер әзірледі, деп жазады Zakon.kz.

Ведомство атап өткендей, өзгеріс әскери қызметкерлердің дайындығын сапалы ұйымдастыру мақсатында енгізіліп жатыр.

Нормативтер жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар:

  1. «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттардың» дене даярлығын бағалау тәртібі анықталды – бұрын бұл сұрақ қарастырылмаған;
  2. «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттар» санаты әскери қызметшілер санатынан бөлінді – бұған дейін нақты санаттар арасы бөлінбеген;
  3. «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттарға» арналған жаттығулар айқындалды (100 м жүгіру қосылды) – бұрын кейбір жаттығулар қарастырылмаған;
  4. жекпе-жек ұрыс тәсілдерін орындауға тартылатын санаттар айқындалды (1 және 2 жас тобындағы әйелдерге – ЖЖК бастапқы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері, 1-5 жас тобынағы әскери қызметші ерлерге – ЖЖК бастапқы, арнайы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері) – бұған дейін кейбір жаттығулар дұрыс бөлінбеген;
  5. кедергілер жолағында орындалатын жаттығулар нәтижелеріне ауа температурасын және киім нысанын ескере отырып түзетулер анықталды – бұған дейін кедергілер жолағында орындалатын жаттығуларға өзгертулер және киім нысанының нұсқалары болмаған.Қорғаныс министрлігі ұсынған өзгерістерді АшықНҚА сайтынан 5 мамырға дейін оқи аласыз.