Ажалы апельсиннен бола жаздады: Атырауда әжей жеміске тұншығып клиникалық өлім тіркелді

0
240


Ажалы апельсиннен бола жаздады: Атырауда әжей жеміске тұншығып клиникалық өлім тіркелді

ERNUR.KZ. Атыраудың 73 жастағы тұрғыны апельсин тілімімен тұншығып өле жаздады деп жазады ulysmedia.kz.

Оқыс оқиға туралы Atyrau online парақшасы жазды.

"Егде жастағы әйел сөйлей алмай, тыныс алу қиындады. Геймлих тәсілін (тұншығу кезінде адамның өкпесін қысу тәсілі) арқылы алғашқы көмек көрсетуге тырысқанда, әйел есінен танып қалды, 1,5 минутқа клиникалық өлім тіркелді", - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Жедел жәрдем бригадасы жәдел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.

Сәтті реанимациялық шаралардан кейін әйел өз-өзіне келіп, денсаулығын түзеу үшін Атырау облыстық ауруханасына жатқызылды.