Прокурор Бишімбаевтың адвокатына Абайды тереңірек оқуға кеңес берді

0
192

Аймағанова бұған дейін қорғаушы өз сөзінде келтірген Абайдың "Қара сөздерінен" үзінді "контекстен үзіп алынған" деп мәлімдеді.


Прокурор Бишімбаевтың адвокатына Абайды тереңірек оқуға кеңес берді

ERNUR.KZ. Қуандық Бишімбаевтың сотында жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін прокурор Айжан Аймағанова сотта тағы сөз сөйледі, деп жазады tengrinews.kz.

Атап айтқанда, Аймағанова бұған дейін қорғаушы өз сөзінде келтірген Абайдың "Қара сөздерінен" үзінді "контекстен үзіп алынған" деп мәлімдеді.

"Абайдың үшінші сөзіне келсек. Десе де қорғаушы тарап контекстен үзіп алған, өйткені Абайдың "Қара сөздерін" түгел оқысаң, мағынасы мүлде басқа. Және Абайды тереңірек оқу керек. Құрметті сот! Мен көп нәрсені айтқым келеді, бірақ бұл ескерту болғандықтан, бұл қысқаша қарсылығымыз", - деді Аймағанова.