Елімізде асатаяғында лифті бар Абылай ханның монументі орнатылады

0
1 547

Абылай ханның мүсіні тот баспайтын болатпен қапталады.


Елімізде асатаяғында лифті бар Абылай ханның монументі орнатылады

Абылай ханның ескерткішінің эскиздік жобасын «Қазақстан Барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев өзінің Facebook-тегі парақшасында көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ескерткіштің іргетасы ретінде пайдаланылатын ғимаратта мұражай экспозициясы, конференц-зал, көрме залы және тағы басқалары орнатылады деп жоспарланып отыр. Монументтің жалпы биіктігі – 54 метр. Ханның асатаяғында айналаны тамашалайтын алаңға шығатын лифт орнатылады.


Абылай ханның мүсіні тот баспайтын болатпен қапталады деп жоспарланып отыр.

а3.jpg

«Мұның эскиздік жоба екенін ескере отырып, жобаны арзандату және эстетикасын жақсарта түсу мақсатында кәсіби сәулетшілерден пікір алғым келеді», - деп жазды Арман Шораев.

Сондай-ақ, ол мұндай жобалар елімізге ұлттық сана-сезім мен отансүйгіштікті арттыру элементі және ішкі, сыртқы туризмді дамыту тетегі ретінде қажет деп сенім білдірді.

а4.jpg

«Мұндай мемориал далалықтардың ұлы билеушілерінің бірін еске алуға арналған құрмет ретінде қажет деп білемін. Абылайдың арқасында жоңғарларға күшті қарсылық көрсеті және біздің ата-бабаларымыз территорияны бақылауға алып, этнос ретінде сақталды», - деп атап өтті «Қазақстан Барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы.