Елде бәсекелестікке шыдамаған кейбір қант зауыттары өндірісті тоқтатып жатыр

0
837

Ресейден келіп жатқан арзан тауар, отандық өндіріске қауіп төндіреді.


Елде бәсекелестікке шыдамаған кейбір қант зауыттары өндірісті тоқтатып жатыр

ERNUR.KZ. Бұлай жалғаса берсе, Қазақстан импортқа тәуелді ел болып қалуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Осылай деген кәсіпкерлер жергілікті тауар өндірушілерге қолдауды арттыруды сұрады.

Қазір Ресейден келетін сүт 130, қант 350 теңге. Ал бізде бұл тауарлар әлдеқайда қымбат.

Сондықтан бәсекелестікке шыдамаған кейбір қант зауыттары өндірісті тоқтатып жатыр.

Тығырықтан шығу үшін кәсіпкерлер бағаны түсіру керек дейді. Ол үшін субсидия қажет. Сондықтан оның көлемін арттыруды сұрап отыр.