Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев өз әйелін ұрып өлтірді

0
3 227

Тәртіп сақшылары Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде ол өзіне пышақ салмақшы болған.


Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев өз әйелін ұрып өлтірді

ERNUR.KZ. Астанадағы мейрамханалардың бірінде соққыға жығылған әйел адам қайтыс болды, деп жазады inform.kz.

"Бүгін Астанадағы Бау мейрамханасында 20:30 шамасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жыққан. Әйел адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Қазіргі сәтте экс-шенеунік ұсталды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде ол өзіне пышақ салмақшы болған. Күдікті есірткіге масайған күйде болған болуы ықтимал", - деп хабарлайды Астана қаласының Полиция департаменті.

Оқиға орнында Есіл ауданының ПБ және қаланың ПД тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес, қылмыстық іске қатысты өзге ақпараттар жарияланбайды.