"Екі рет қытайларға": Қазақ келіншек үй алу үшін суррогат ана болып жүргенін айтты

0
2 702

Бұған тек жұмыс ретінде қарайтын ол үшінші сәбиіне аяғы ауыр.


иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. 29 жастағы Тараз қаласының тумасы Әлия Құрманәлиева суррогат ана болып табыс тауып жүр. Ол бүгінде уақытша Мәскеу қаласында тұрып жатыр. 6 жасар Жанель есімді қызы бар, деп жазады stan.kz.

Әлия Құрманәлиеваның айтуынша, суррогат ана болуға өміріндегі қиыншылығы итермелеген. Бұған тек жұмыс ретінде қарайтын ол үшінші сәбиіне аяғы ауыр.

«Ақша жағынан қиындықтар болған соң, бұл – баспаналы болудың оңай тәсілі десем болады. Бірінші қазақ отбасынан, екіншісі қытай отбасына. Тағы да қытай отбасыға суррогат ана болып жатырмын», - дейді ол.

Жас келіншек өзі босанған сәбилерді ата-анасына табыстар кезде еш қиналмайтынын айтады. Себебі, тоғыз ай бойы осы сәтке өзін психологиялық тұрғыдан дайындайды екен.

«Бұл бала менікі емес» дегендей ой миымда сақталып қалған. Бұл іске ақша үшін барып тұрғаннан кейін сол қаражатқа үй мен өзіме керек затымды аламын деген алдыма арман-мақсат қойдым. Сол мақсатыма орай Құдай сәтін салып, баланы аман-есен тапсыруға тырысамын. Құдайға шүкір, қазақстандағылармен әлі күнге дейін хабарласып, қалын сұрап тұрамын. Баланың жағдайы туралы маған айтып тұрады. Өзім де көріп тұрамын баламды. Бұл жерде жаман ешнәрсе көріп тұрған жоқпын», - деді Әлия Құрманәлиева.