Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды

0
652

Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.


Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті растады.

«Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті Экономикалық тергеу қызметі қамауға алды», - деді комитеттен.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілмейді.

Айта кетсек, Олжас Әбішев 2018 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.